Қазгидромет» 19 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан еліміздің солтүстік аудандарында қар жауады.
Тек республиканың шығысында антициклон әсерінен жауын-шашын жаумайды.
Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейіп, жаяу бұрқасын сақталады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде – тұман, жел күшейеді. Күндіз жел екпіні - 23-28 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - боран, күшті жел. Түнде кей жерлерде жел жылдамдығы 23 м/с жетеді.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріледі, жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші - 18-23 м/с.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде – жаяу бұрқасын.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жарма ауданында жел екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Күндіз кей жерлерде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.