IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1,35 КО) қарсыласы Камил Шереметаны (21-0, 5 КО) техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Головкин-Шеремета жекпе-жегі тартысты өтті деп айтуға келмейді. 1 және 2-раундта-ақ Геннадийдің ауыр соққысынан Камил нокдаун алып қалды.
Ал үшінші раундта Головкин шабуыл қарқынын төмендетіп, қарсыласының жұдырықтасуына мүміндік бергендей көрінді.
Төртінші және жетінші раундтарда Польша боксшысы ауыр соққы алып, төреші есеп ашты.
Ал 8-раунд басталар алдында Камил Шереметаның бапкерлері боксшысын шаршы алаңға шығарудан бас тартты. Осылайша, Геннадий Головкин кезекті жеңісіне қол жеткізіп, 21-мәрте чемпиондық белбеуін қорғап қалды.