Жаңалықтар 19.12.2020 сағат 15:21

«Біз сенің жеңіске деген жігеріңді мақтан етеміз» - Елбасы Головкин туралы

Бұл барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күніне орай тамаша сый болды деп ойлаймын.
«Біз сенің жеңіске деген жігеріңді мақтан етеміз» - Елбасы Головкин туралы
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалуымен құттықтады, деп хабарлады elbasy.kz.

Геннадий Головкин Камил Шереметамен жекпе-жекте айқын жеңіске жетті.

"Осы жеңіс арқылы сен өз дивизионыңда 21-ші рет әлем чемпионы атанып, қазақстандық және әлемдік бокс тарихы жылнамасының жаңа парағын аштың. Бұл барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік күніне орай тамаша сый болды деп ойлаймын.

Біз сенің спорттағы жарқын жетістіктеріңді, мықты рухыңды және жеңіске деген жігеріңді мақтан етеміз. Сенің жеңімпаз ретінде өз жолыңды жалғастыратыныңа сенімдімін және сенің жетістіктеріңе әлі талай сүйсінетін боламыз",  – делінген жеделхатта.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар