18 желтоқсанда Қазақстанға Румыния, ҚХР, Грузия, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.
2 561 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 351 адам, анықтамасыз 210 ҚР азаматы келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2020 жылдың 17 желтоқсанында анықтамасыз келген 378 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 3 жолаушыдан коронавирус анықталды.