$ 494.87  520.65  4.91

Партия өкілдері «Есіктен есікте» акциясын өткізді

2021 жылғы қаңтардың  10 болатын сайлауға қатысуға шақырып,  үгіт-насихат  жұмыстарын жүргізді.

Бүгін аудан аумағында "Есіктен есікке" атты акциясы аясында   партияның аудандық филиалына депутаттыққа  үміткер Е.Дүйсенқұл, К.Ракаева Ақжол ауылында тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихаттау жұмыстарын жүргізді.

Ақжол ауылы ауданнан   шалғай орналасқанымен, тұрғындар 10 қаңтарда өтетін сайлау туралы толық ақпараттандырылыпты. Қарапайым халық "Nur Otan"партиясының атқарып жатқан істеріне көңілдері толатындарын айтып, партияның негізін қалаған Елбасы, Тұңғыш Президент Н.Назарбаевқа осы күнге жеткендері үшін Тәуелсіздік мерекесі алдында алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Партия атынан депутаттыққа үміткер екі кандидат тұрғындарға 7 бағыт бойынша толық ақпарат беріп, ауылдықтардың ой-пікірін тыңдады.  

Бұдан соң аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына барып, ондағы қызмет алуға келген тұрғындармен кездесті. Депутаттыққа  үміткер Е.Дүйсенқұл, К.Ракаева үгіт-насихат қағаздарын таратып,   қалың елді "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. 

Ал "Nur Otan" партиясының Меркі аудандық филилалында  мәслихат депутаттығына кандидат Бахадыр Хасанбаев ZOOM  платформасы арқылы кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, пікір алмасты. 

Сонымен қатар, өзінің жеке инстаграмм парақшасында тікелей эфирде оқырмандарымен ашық әңгіме  жүргізіп, сұрақтарға жауап берді. Бұдан соң  этно-мәдени орталықтары мүшелерімен кездесіп,  "Nur Otan"партиясының алға қойған мақсат мүдделерімен таныстырды.  Партияның оы күнге дейінгі  атқарылған және алда нақты атқарылатын істер туралы баяндады.   "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды!

Сайлауалды үгіт-насихат, партияның алдыға қойған мақсатын түсіндіру үшін  ауданға облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Е.Манжуов келіп, бір қатар іс-шараларға қатысты. Атап айтсақ, Тәтті ауылдық округінің тұрғындарымен « Есіктен есікке» жобасы аясында  кездесу өткізсе,  канвассинг аясында  Жамбыл ауылдық округінің тұрғыны С.Көшкінбаевпен кездесіп, 2021 жылғы қаңтардың  10 болатын сайлауға қатысуға шақырып,  үгіт-насихат  жұмыстарын жүргізді.

Ескерту! «Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы, Меркі аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары