Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Бағдат Рахимов аудан тұрғындарымен экспромт-кездесу өткізді.
Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына партия жақтастарымен бірге арнайы барған кандидат медицина қызметкерлерін «Nur Otan» партиясының атқарған ауқымды іс-шараларымен таныстырып өтті.
Сонымен қатар партияның алға қойған мақсат-міндеттері жайлы айтқан Бағдат Болатұлы: «Партиямыздың сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей, бізді ортақ мақсат – әр тұрғынның өмір сүру деңгейін арттыру мақсаты біріктіреді. Осы мақсатта, халықтың әлеуметтік жағдайын, тұрмыс-тіршілігін, денсаулығын арттыруда бірлесе жұмыс істейік. Алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер!», – деп жиналғандарды Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.
Ескерту! Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Nur Otan» партиясының Сайлау қорының қаражатынан төленді.