Ақмола облысында жол-көлік апаты болып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 19 желтоқсанда Жезқазған - Петропавл тас жолының 551-ші шақырымында болған.
Қостанайға бет алған Chevrolet TrailBlazer көлігінің 63 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, DAF жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Chevrolet TrailBlazer көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлады баспасөз қызметі. Сонымен қатар, тағы екі жолаушы - 25 жастағы қыз бен 39 жастағы ер адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бөлігінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Апаттың барлық жағдайларын объективті тергеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, дейді полициядағылар.