Нұр-Сұлтанға ұшып келген үш қазақстандықтан коронавирус анықталды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіндегілер айтты.
"ПТР-талдау нәтижелері бойынша 2020 жылдың 19 желтоқсанында ұшып келген Қазақстанның 237 азаматының үшеуінде коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде екі жолаушы Минск - Нұр-Сұлтан рейсімен, бір жолаушы Франкфурт - Нұр-Сұлтан рейсімен келді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 20 желтоқсанда Қазақстанға Германия, Италия, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, Армения, Украина, РФ, Беларусь және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келгені айтылады.