$ 444.22  476.38  4.82

САЙРАМ АУДАНЫ: Кәсіпкерлік саласын қолдау қарқынды болмақ

Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында облыстық мәслихат депуттатығынан үміткерлер Жансерік Мұсаханұлы мен Бадриддин Нышанкулов «НИК» сауда орталығында сайлаушылармен кездесті.

Сондай-ақ, сауда орталығының қызметкерлерімен пікір алмасты.

"Сайрам ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 7 басым бағыттан тұрады. Олар: Экономикалық тұрақты, тұрғындарға ыңғайлы аудан құру, әлеуметтік қызметке бағдарланған және жастарға арналған аудан қалыптастыру. Сонымен қатар, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар қалыптастыру және қауіпсіз аудан құру.

Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатты. Партия зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.

Ол үшін партия, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен жыл сайын 11 кәсіпкерге қолдау көрсетуге, оның ішінде 6 жобаны субсидиялауға, 5-ін кепілдендіруге, 1-ін инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және 2 азаматқа грант ұсынуды, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жыл сайын 150 стартап гранттар мен 120 несие алуына жағдай жасауды, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес» курсымен жыл сайын 200-ден аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуды, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын 13 жаңа жобаларды несиелендірді және қаржыландыру орталықтары арқылы жыл сайын 245-тен аса жобаны іске асыруға ықпал етеуді көздеп отыр.

Нәтижесінде 2025 жылға дейін белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің үлесін 95,5%-ға, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны 17525 бірлікке, жұмыспен қамтылатын жұмыскерлер саны 29,0 мыңға жетеді", - деді үміткерлер.

Кездесу барысында сауда орталығының қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді жеткізді. Ол мәселелер алдағы уақытта партия тарапынан қолдауға ие болып, өз шешімін таппақ.

Ескерту! «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары