$ 448.15  483.46  4.86

САЙРАМ АУДАНЫ: Елді мекендер кезең-кезеңімен дамитын болады

Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталды.

Облыстық мәслихат депутаттығынан үміткерлер Жансерік Мұсаханұлы және Бадриддин Нышанкулов Манкент ауылдық округінде, сайлаушылармен кездесті. 

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттауға және манкенттік тұрғындардың жай-күйімен танысуға бағытталған кездесуді партияның Сайрам ауданыдық сайлауалды штабының мүшесі Н.Қылышбеков ашып, үміткерлерді таныстырды.

Кездесуде сөз алған Ж.Мұсаханұлы:

«Мемлекетіміздің егемендік алған кезінен бастап, бүгінгі таңда даму жолы, жеткен жетістіктер жарқын болашағымыздың кепілі болатындығы және «Nur Otan» партиясы халық сенімін ақтайтын алдыңғы саяси күш екенін дәлелдеп келеді», - деді.

Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасына тоқталды.

«Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылға үлкен жоспарлар қойып отыр. Аймақтардың инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау сияқты мәселелер қамтылып отыр. 
Сайрам ауданы бойынша «Nut Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы шеңберінде келсек, бағдарлама аясында елдімекендерді 2025 жылға дейін 100 пайыз ауыз сумен қамту, 100 пайыз табиғи газбен қаматамасыз ету және сапалы жол мәселесін шешу көзделіп отыр,- деді ол. 

Ал, Б.Нышанкулов кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалармен таныстырып өтті.

«Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында, «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары шеңберінде жастарға өз кәсіптерін ашуға, кәсіптепін одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалмақ. Сол арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейі едәуір төмендейді деп күтілуде», - деді өз сөзінде ол.

Сондай-ақ, үміткерлер Қарамұрт, Манкент, Арыс ауылдық округтерінде 2025 жылға дейін 4 бірлік тауарлы-сүт фермаларын ашу, Манкент, Қарамұрт, Қайнарбұлақ, Қарабұлақ ауылдық округінде 100 бастан жоғары 10 бірлік мал бордақылау алаңын салуға жоспарланғанын, 2025 жылға дейін қайта өңдеу кәсіпорындарында өндірілген өнімнің өңдеу үлесі бойынша: ет өнімдерін 35%-ға, сүт өнімдерін 30%-ға, жеміс-көкөніс өнімдерін 40%-ға жеткізуге ықпал етеді.

Бірнеше ауылдық округтерде 2025 жылға дейін жалпы ұзындығы 48,5 шақырым құрайтын аудандық маңызы бар 10 автомобиль жолдарын күрделі жөндеу мәселесін шешу, Манкент, Қайнарбұлақ ауылдық округтерінің жалпы ұзындығы 83,4 шақырымдық жолдарды орташа жөндеуге ықпал етеу көзделгенін тілге тиек етті.
Кездесу соңында тұрғындар «Nur Otan» партиясының ілкімді істерінен хабардар екендерін және партияны толықтай қолдайтындарын жеткізді.

Ескерту! «Nur Otan» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сайлау