$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте зейнеткерді зорламақ болған күдіктімен селфиге түскен полицей жұмысынан қуылды

Ведомствода полицей қызметтік тәртіпті бұзды деп есептелді.

Полиция департаменті қызметтік тексеру нәтижелерін жариялады. Ведомствода полицей қызметтік тәртіпті бұзды деп есептелді. Ол үшін ол қызметінен босатылды.

"Департамент басшылығы учаскелік полиция инспекторының бұл әрекетін офицер үшін орынсыз деп санады. Қызметтік тексеру нәтижесінде Тәртіптік комиссияның шешімімен аталған қызметкер қызметтік тәртіпті бұзғаны, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін қызметінен алынды", - деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Шымкентте зорлаушының әрекеті үйдің кіреберісіндегі бейнебақылауға түсіп қалған. Кейіннен күдікті мен жәбір көрген әйелдің жеке басы анықталды. Дәрігерлер зорлау әрекеті кезінде зардап шеккен әйелдің денсаулық жағдайы туралы айтты. 

Осы оқиғадан кейін әлеуметтік желіде полицияның күдіктімен селфи жасаған суреті тарап, полицияның үстінен тексеріс басталған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары