$ 494.87  520.65  4.91

«Пашинян биліктен кетсін»: Ереванда ереуіл басталды

Алаңға жиналғандар Пашинянның жақын аралықта биліктен кететініне сенімді

Наразылық білдірушілер Армения премьер-министрі Никол Пашинянның кетуін талап етіп, Ереванның орталық алаңына жиналды. Бұл туралы ria.ru хабарлайды.

Осы сәтте Ішкі істер министрлігі қызметкерлері алаңдағы үкімет ғимаратын қоршап алды, сондай-ақ полиция жасақтары алаңнан бірнеше жүз метр қашықтықта орналасқан Армения Сыртқы істер министрлігі ғимаратын қорғап тұр.

Ереван орталығындағы шеру әзірге бейбіт түрде жалғасып жатыр, тәртіп сақшыларымен арада қақтығыс туындаған жоқ. Акцияға қатысушылар Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату туралы келісімге қол қойғаны үшін Пашинянның отставкаға кетуін талап етуде.

Армян оппозициясы, «Родина» партиясының мүшесі Арсен Бабаян Армения премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуіне аз қалды деп есептейді.

«Бүгін шешуші митинг басталады. Бірнеше сағатта болмаса да, бірнеше күнде Пашинян премьер-министр тағын босатады. Оның билігі ешкімге жүрмейді», - деді Бабаян журналистерге.

Оппозициялық күштер ел үкіметінің бұрынғы басшысы Вазген Манукянды премьер-министр етіп тағайындауды талап етуде.

Еске салайық, қыркүйек айының соңында Таулы Қарабақта соғыс қимылдары қайта басталды. Қақтығыс салдарынан бейбіт тұрғындар зардап шекті.

10 қарашада үшжақты келісім жасалып, Әзірбайжан мен Армения соғысты толық тоқтатып, тұтқындар мен қаза тапқандардың денесін алмасуға келісімге келді. Ереван Бакуге Кельбаджар, Лачин және Агдам аудандарын қайтарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары