14-20 желтоқсан аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 49 адам көз жұмды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда:
Алматы қаласы - 11;
Нұр-Сұлтан қаласында - 8;
Батыс Қазақстан облысында - 6;
Алматы облысында - 5;
Атырау облысында - 4;
Шығыс Қазақстан облысында - 4;
Павлодар облысында - 3;
Ақмола облысында - 2;
Қарағанды облысында - 2;
Ақтөбе облысында - 1;
Қостанай облысында - 1;
Маңғыстау облысында - 1;
Шымкент қаласында - 1 адам.