$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирустан қаза тапқан сарбаздардың саны белгілі болды

Науқастанғандардың 80 пайызы дерттің симптомсыз түрімен ауырыпты.
фото: qazaqstan.tv
фото: qazaqstan.tv

Коронавирус бүгінге дейін 10 жауынгердің өмірін жалмаған. Жалпы наурыз айынан бері Қазақстан әскерінің 2 мыңнана астам сарбазы осы қауіпті вирусты жұқтырыпты. Жүз шақтысы қазір ем алып жатыр, деп хабарлайды КТК жаңалықтары

Төтенше жағдай енгізілген уақытта 13 мыңнан аса сарбаз санитарлық шаруаларға жұмылдырылған. Нақтысын айтқанда, кесел дендегелі 2 200 сарбаз Сovid-19 жұқтырып төсек тартқан. Науқастанғандардың 80 пайызы дерттің симптомсыз түрімен ауырыпты. Өкініштісі, 10-ы тіл тартпай кетті. Ковид бес сарбаздың өмірін жалмаса, тағы бесеуі пневмониядан қайтыс болған. Пандемия уақытында әскерге шақырылған азаматтар борышын өтейтін жерге жіберілмей тұрып үш күн бұрын ПТР-тест тапсырады. Егер біреуінде вирус анықталса, барлығы оқшауланады. Бұл әскерге шақырылғандарға қатысты талап. Ал саптағы сарбаздарды қайта-қайта ПТР сынамадан өткізудің шығыны көп дейді Қорғаныс министрі.

"Негізінде қарулы күш сапында адамдардың саны көп. Сондықтан барлығынан жиі ПТР-тест алуға мүмкіндік те жоқ. Бірақ бас санитар дәрігер немесе ведомствоаралық комиссия жаппай ПТР-тест жайлы қаулы шығарса, әрине, жүзеге асырамыз. Әскери бөлімдердің барлығында санитарлық талап қатаң сақталады", - дейді Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары