$ 499.51  525.83  4.62

Оралда сатылып жатқан қауын-қарбыздың нитраты нормадан 5 есе көп

БҚО-дағы санитарлық дәрігерлер Орал тұрғындарына қауын мен қарбыз сатып алмауға кеңес береді. Өйткені, қала базарларында сатылып жатқан бақша дақылдарында нитраттың көлемі қалыпты нормадан 5 есеге көп дейді сауда нүктелеріне рейд жүргізген мамандар.

"Біз рейд барысында саудагерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Қарбызды жерге қойып сатуға болмайды. Бірақ, тыңдамайды, сатып жатыр", - дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Ерболат Есболсынов.

Рейд барысында мамандар қауын-қарбыз құрамындағы нитраттың шамадан тыс асып кеткенін анықтады.

"Қарбыздағы нитраттың нормасы 60 мг/кг-дан аспауы керек. Біз тексерген дақылдарда оның көрсеткіші 300 мг/кг-ге дейін жетті. Ал, қауында норма 90 мг/кг болу керек болса, сатылып жатқан қауындарда ол көрсеткіш 200-ге дейін жетіп отыр. Жабайы сауда қатарларында сатылып жатқан қауын-қарбызды сатып алып жеу денсаулыққа қауіпті. Нитраттар адам ағзасын улауы әбден мүмкін. Мұндай улы дақыл жеген адам 1,5 сағаттан кейін құсып, іші өтуі мүмкін. Басы ауырады", - дейді қалалық Тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінің басшысы Ментай Сұлташева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары