Желтоқсанның 23 күні штаб жетекшісінің орынбасары Құрманжан Аубекұлы мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрлан Ермекұлы ауданға қарасты Айдарлы ауылдық округіне барып, ауыл тұрғындарымен жүздесті.
Кездесуге барған спикерлер "Nur Otan" партиясы - азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайтындығын атап өтті.
Сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған "Жұмыспен қамтудың жол картасы", "Ауыл - ел бесігі" жобаларын іске асыруға жәрдемдесетін болатындығына ауыл түрғындарының назарын аудартты.
«Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай облыс халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуді жоспарлап отыр. Ауданда ауыз сумен 97,6% қамтылған. Алдағы уақытта осы межені 100%-ға жеткізу партияның ең маңызды мақсаттарының бірі екендігін де ауыл тұрғындарына түсіндірді.
Партия бағдарламасын ұйып тыңдаған ауыл тұрғындары партияға қолдау білдіретіндіктерін білдірді.
Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Панфилов аудандық (Жаркент қаласы) Сайлау қорының қаражатынан төленді.