$ 498.34  519.72  4.85

Партия өкілдері «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындармен жүздесті

Округ тұрғындарын "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын тұрғындарға таныстыру мақсатындағы кешенді жұмыс өз жалғасын тауып келеді. Желтоқсанның 22 күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Тұрлыбеков Нұрлан партияның желілік кестесіне сәйкес "Есіктен есікке" акциясын өткізді.

Партия бағдарламасы ел тұрғындарының игілігі үшін және жаңа бастамаларды көтеріп, нақты іске бағытталғандығын атап өтіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ауданда 27927 отбасы тұрады. «Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алу үшін мүмкіндіктер жасау жөніндегі шаралар кешенін қолдануға мүдделі екендігін атап өтті.

Округ тұрғындарын "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. Ауылдық округтегі шешімін таппаған проблемалық мәселелерді үміткер түртіп алып, қолдан келгенше жұмыс жүргізетінін айтты.

Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Панфилов аудандық (Жаркент қаласы) Сайлау қорының қаражатынан төленді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары