23.12.2020, 22:10

Құс фабрикасында 40 мың тауық қырылып қалды

фото: baq.kz
Өлекселерден құс тұмауының белгілері анықталмаған.

Алматы облысының Қарадала аймағындағы құс фабрикасында 40 мың тауық қырылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған компьютерлік басқару жүйесіндегі ақау себеп болған. Ауаны бақылайтын құрылғы істен шығып, қора ішінде оттегі жетіспей қалған. 

Аталған жағдайды ветеринарлар растады. Әкімдік өкілдері құстардан анализ алынып, тексерілгенін мәлімдеді. 

Өлекселерден құс тұмауының белгілері анықталмаған.