Францияның Ницца қаласында лаңкестік жасаған содырдың көзін жою операциясын куәгерлердің бірі бейнекамераға түсіріп, Интернетке жүктеді. Бейнекадрдан полицейлердің жүк көлігінде отырған лаңкесті қалай атқандығы анық көрінеді. Аталған оқиға салдарынан 84 адам қаза тауып, 100-ге жуығы жараланған болатын.
Бұл күні француздар Бастилияны алған күн мерекесін атап өтіп жатқан болатын. Қаланың Англия жақтағы жағалауына жиналған жұрт дәстүрге айналған отшашуды тамашалауға келген. Осы сәтте суық қаруланған ер азамат жүк көлігімен адамдар тобын қаға өтіп, қашқандарды атып тастапты.
Араға бірнеше минут салып келген құқық қорғаушылар лаңкестің көзін жойды. Қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Алайда, француздармен бірге аталған мерекені атап өтіп жатқан 4 Қазақстан азаматы елшілікке келіп, көмек сұраған. Барлығы да дін-аман.
Францияда бүгіннен бастап үш күндік қаралы күн жарияланды.