Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарындағы студенттердің шәкіртақысын арттыру шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мемлекет басшысы шәкіртақы мөлшерін арттыруды тапсырған еді. Шәкіртақы өсті. Студенттер туралы айтар болсақ, осы жылдан бастап ол 25 пайызға көтерілді. Болашақ педагогтар, яғни педагогикалық бағытта оқитын студенттер туралы айтар болсақ, бір жыл бұрын ғана олардың шәкіртақысы 21 мың теңге еді. Осы жылдың қыркүйегінен бастап олар 42 мың теңгеден ала бастады», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министр өз сөзінде бір жыл бұрын докторантурада оқығандар 82 мың теңгеден, ал осы жылдың қыркүйегінен бастап 150 мың теңгеден ала бастағанын жеткізді.