Журналистикада өзінің дара қолтаңбасын қалдырған Бейсен Құранбектің жазған әсерлі жазбасы жарияланды. Оны журналистің зайыбы Гүлмира марқұмның Instagram парақшасына шығарды, деп хабарлады paryz.kz.
"Ар сақта! Намысты бол! Талаптан! Қарекет қыл! Тәуекел ет! Уәдеге берік бол! Мәрт бол! Ақылға сал! Қайратты бол! Жүрегіңді жылыт! Біліміңді көбейт! Өнерді үйрен! Мінезді бол! Еңбек сүйгіш бол! Ана тіліңді біл! Ана тіліңді сүй! Адал мен арамды ажырат! Обалды ойла! Сауапты іс жаса! Салт-дәстүрді ұста! Өнер, мәдениетті игер! Ата тарихтан тәлім мен шабыт ал! Өзіңе, өзгелерге, айналаңа жақсылық жаса!" деп жазыпты Бейсен Құранбек қойын дәптеріне.
Жазбаны оқыған желі қолданушылар марқұмның жақсылығын жарыса айтып жатыр.
"Ұлы ғұламалардың асыл сөзіндей, ұрпақтан ұрпаққа жетсін!", "Міне, осындай ер-азаматтарымыз азайып кетті", "Қайран Бейсекем-ай, жаның жәннатта болсын!", "Керемет сөздер! Кей адам ақыл айтады да ісі басқа. Ағаның сөзі де, ісі де рас", "Қандай кісі болғаны осы жазбадан-ақ көрініп тұр. Жатқан жеріңіз жарық, жайлы болсын, ағатай!" - десті жазбаға риза болған жұрт.