$ 449.58  486.94  4.86

Қазақстанның 4 облысында - 40 градусқа дейін қатты аяз күтілуде

Дауылды ескертудің болуы 95-100% құрайды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды.

Дауылды ескертудің болуы 95-100% құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысында 25 желтоқсанда ауа температурасының күрт төмендеуі -20-25 градусқа дейін, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз, 26 желтоқсанда түнде -25-30, кей жерлерде -33 градус аяз болады деп күтілуде.

Павлодар облысында 26 желтоқсанда ауа температурасының күрт төмендеуі -30-35 градусқа дейін, облыстың солтүстігінде 38 градус аяз,  27 желтоқсанда түнде -32-37 градус, кей жерлерде -40 градус қатты аяз күтіледі.

Ақмола облысында -26 желтоқсанда ауа температурасының күрт төмендеуі 20-25 градусқа дейін, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз, түнде 27 желтоқсанда -25-30, кей жерлерде -35 градусқа дейін суытады.

Шығыс Қазақстан облысында 26 желтоқсанда ауа температурасының -30-35 градусқа дейін күрт төмендеуі, 27 желтоқсанда 37-42 градусқа дейін қатты аяз болады күтіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы #аяз