$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы жексенбіде Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік тоқтамайды

Ал ертеңнен бастап № 8 бағдардың қозғалыс сызбасын өзгереді.

Алдағы жексенбі, 27 желтоқсанда қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "CTS" компаниясына сілтеме жасап.

"Жексенбі күні, 27 желтоқсанда қалада және қала маңына қатынайтын бағдарлар сағ. 23:00-ге дейін қалыпты жұмыс істейді. Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді", - делінген ресми хабарламада. 

Ал ертеңнен бастап № 8 бағдардың қозғалыс сызбасын өзгереді. Атап айтқанда, Болашақ көшесінен бастап Мұстафин көшесі  мен Қобыланды батыр көшесінің қиылысына дейінгі қозғалыс өзгеріссіз қалады. Одан әрі Қобыланды батыр көшесіне оң жаққа бұрылып, Дегелең шолақ көшесіне дейін жүреді. Ал кері бағытта қозғалыс өзгермейді. 

Сондай-ақ, 26 желтоқсаннан бастап, сенбі күні № 4, 71 бағдарлардың Ұлытау көшесіндегі бұрылу алаңы екі жаққа Ақмола көшесі аумағынан Қарасу көшесіне ауыстырылады.

Бұл көліктің көше бойында жиналуын болдырмау, аудандағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін жасалғаны айтылып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін әрбір жексенбі сайын автобустар қозғалысы тоқтатылып келген. Соңғы рет Тәуелсіздік күніне орай демалыс күндерінің ауысуына байланысты жексенбіде қоғамдық көлік қатынайтын болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары