Оның айтуынша, одан бөлек сабақтан тыс уақытта оқушылардың оқудағы олқылықтарының орнын толтыру және қорытынды аттестатқа дайындыққа бес адамнан аспайтын топтарда жеке консультациялар ұйымдастырылады.
Бұл консультацияларға оқушылар қажеттілігіне қарай ата-аналардың келісімімен қатысуына болады.
Бұл шешім ата-аналар мен педагогтардың пікірін ескере отырып қабылданды. Себебі, өздеріңіз білесіздер, 9 және 11-сынып оқушылары оқу жылының соңында мемлекеттік қорытынды аттестациядан және Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтеді. Бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Әрине, мектептерде санитарлық шаралар сақталатын болады, - дейді қалалық Білім басқармасының басшысы.