$ 499.51  525.83  4.62

Майкл Джексонның дәрігері оның педофил болғанын мәлімдеді

Поп-музыка королі Майкл Джексон көзі тірісінде педофил болған деп жазады оның дәрігері Конрад Мюррей «This Is It» кітабында. Әнші 11 жастағы актриса Эмма Уотсонға өлердей ғашық болған көрінеді. Сондай-ақ, ол жақын досы актер Марк Лестердің 5 жасар қызын да сүйіп қалған екен. Аталған кітап 19 шілде күні сатылымға шығады.

«Майкл Гарриетті (Лестер) 5 жасқа толған кезінде сүйіп қалды. Ол 12 жасқа келгенде Майкл тіпті, есінен таңып ғашық болды», — делінген Мюррейдің кітабында.

Поп-музыканттың ғашық болғаны сонша, ол сезімі туралы досы Марк Лестердің өзіне айтып, оның қызына үйленгісі келетінін мәлімдеген. Алайда, Лестер үзілді-кесілді қарсылық танытып, досымен қатынасты үзіпті. Тіпті, заңмен қудалайтынын да ескерткен.

Мұнан кейін Гарри Поттер туралы алғашқы фильмді көрген Майкл Джексон ондағы басты рольдердің бірін сомдаған актриса Эмма Уотсонға көңілі ауады. Бұл кезде Уотсонның жасы небәрі 11-де болатын деп еске алады дәрігер Мюррей. "Егер Лестердің қызына үйлене алмасам Эмма Уотсонмен отау құрамын" деп жоспарлапты танымал әнші.

Естеріңізге салайық, 1993 жылы Майкл Джексон 13 жасар Джордан Ченделерді азғындады деп айыпталған болатын. Алайда, қос тарап бітімге келіп, іс сотқа жеткен жоқ. Бейресми мәліметтер бойынша, әнші Ченделердің отбасына 20 миллион доллар өтемағы берген.

2004 жылы Джексонның үстінен педофилия дерегі бойынша тағы да қылмыстық іс қозғалды. Алайда, 2005 жылы алқа билер соты істі тоқтатып тастады.

Майкл Джексон 2009 жылы көз жұмды. Ол шаршағанды басатын препараттарды мөлшерден көп пайдаланған. Ажалы да содан келген дейді дәрігерлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары