$ 443.85  474.3  4.8

Жәнібек Әлімханұлы Канелоны жұдырықтасуға шақырды

2021 жылы QAZAQ STYLE vs MEXICAN STYLE жасайық

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBA (Super) және WBC тұжырымдарының чемпионы Сауль Альваресті оп-оңай жеке алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Канелоны ешкім жеке алмайды деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Сіздер ұйықтап жатырсыздар. Өтінемін, ояныңыз. Мен оны оп-оңай жеңе аламын. 2021 жылы QAZAQ STYLE vs MEXICAN STYLE жасайық", - деп жазды Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшы – WBO Global титулының иегері. Соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізді. Сол кезде Әлімханұлы аргентиналық боксшы Гонсало Кориюны (16-4, 6 КО) нокаутпен жеңген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары