Ресейде кейінгі тәулікте 29 018 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.
Дереккөз мәліметінше, олардың 15,7 пайызында коронавирустың симптомдары анықталмады.
Науқастардың көбі Мәскеуде тіркелген. Онда кейінгі тәулікте 7 315 науқас тіркелген.
Осылайша, Ресейде пандемия басталғалы 2 992 706 адамнан коронавирус анықталған. 53 мың науқас қайтыс болып, 2,4 миллионға жуық адам емделіп шыққан.