$ 494.87  520.65  4.91

Солтүстік Қазақстанда кинотеатрлардың жұмысына рұқсат берілді

Адам саны 30 проценттен аспауы керек.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы ертеңнен бастап күшіне енеді деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

«Карантиндік шектеу бойынша, кинотеатрларда адам саны 30 проценттен аспауы керек. Әлеуметтік арақашық қатаң сақталып, көрермендер шахматтық тәртіппен екі орындық сайын отыруы тиіс», - деп жазылған ақпаратта.

Айта кету керек, егер бұл талапты бұзғандар анықталса, нысанның жұмысы тоқтатылады. Өңірдегі кинотеарлар карантин салдарынан 9 айдан астам уақыт жабық тұрған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары