$ 494.87  520.65  4.91

Криштиану Роналдудың жары Джорджина қазақтың шапанын киді

Отандастарымыз Джорджина Родригестің қазақша шапан жамылып тұрған фотосына лүпілдерін аямай, жылы лебіздерін білдіруде.
Фото: instagram
Фото: instagram

Әйгілі Криштиану Роналдудың сүйіктісі әлем назарын өзіне аудартты. Джорджина Родригес желіде қазақша шапан киіп тұрған фотосын жариялап, көпшілікті тәнті еткен, деп жазды paryz.kz.

"Қолдан жасалған ерекше киім үлгісі. Қазақстаннан махаббатпен" деп жазып қойды Джорджина Родригес.

Суретке қазақстандықтар да тәнті болған. Отандастарымыз Джорджина Родригестің "қазақша шапан" киіп тұрғанынан лүпілдерін аямай, жылы лебіздерін білдірді. Тіпті, бәрі оның парақшасына Қазақстан туының белгісін қалдырып жатты.

Түзету: Алайда Джорджина Родригес біраз уақыттан кейін посттағы шапанды "Өзбекстаннан келген сыйлық" деп өзгертіп қойды. Фотоға пікір қалдырғандар оның бұл әрекетін сынға алды. Олар "ешқандай түсінік бермей, жазбаны өзгерте салу – оқырманды сыйламаудың белгісі" дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары