18.07.2016, 06:38

Алматыдағы қару-жарақ дүкендерінің бәрі жабылды

Алматыдағы қару-жарақ сататын дүкендердің бәрі уақытша жабылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қорамсақ" қауымдастығының вице-президенті Сергей Катновқа сілтеме жасап. Оның айтуынша, аталған дүкендердің бәрі қатаң күзетке көшкен.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы Никольск базары маңындағы Алмалы АІІБ ғимаратына белгісіз біреулер шабуыл жасаған болатын. Куәгерлердің айтуынша, қаза тапқан тәртіп сақшылары бар. Жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері де жараланған адамдарды қабылдап үлгере алмай жатқанын мәлімдеді. Қазір Алматыда антитеррорлық операция жүргізілуде.