$ 448.89  477.93  4.76

Алматының теміржол вокзалында антитеррорлық операция жүріп жатыр

Күштік құрылымдар Алматы-1 теміржол вокзалын қоршауға алды деп жазады Tengrinews.kz. Қалада антитеррорлық операция жүргізілуде. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

Айта кетейік, бүгін суық қаруланған бірнеше адам Никольск базарының маңындағы полиция бөліміне шабуыл жасаған болатын. Салдарынан қаза тапқан тәртіп сақшылары бар. Жараланғандар саны да көп дейді жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері.

Атыс болған аймақтағы жаяу жүргіншілерді полицейлер сол маңдағы ғимараттарға қауіпсіздік мақсатында қамап тастады.

Сондай-ақ, ҰҚК департаментінің ғимараты да қоршауға алынған. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі бұл жерге де келіп жеткен. Ғимаратқа шабуыл жасалуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары