Әлеуметтік желілерде Алматыдағы атыстың фото және бейнемаериалдары толассыз жариялануда. Куәгерлердің бірі күдіктіні ұстау барысын бейнекамераға түсіріп, желіге жүктеді деп жазады «NewTimes.kz».
Бұған дейін хабарланғандай, бүгін суық қаруланған бірнеше адам Никольск базарының маңындағы полиция бөліміне шабуыл жасаған болатын. Салдарынан 2 тәртіп сақшысы қаза тапқан. Жараланғандар саны да көп дейді жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері.
Атыс болған аймақтағы жаяу жүргіншілерді полицейлер сол маңдағы ғимараттарға қауіпсіздік мақсатында қамап тастады.