Қызылордада «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Расул Есенов Тереңөзек кентінде үгіт-насихат жұмыстарымен «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Акция аясында кент тұрғыны, І-топ мүгедегі Бақыт Жайсаңбаевтың үйіне барып, жағдайын сұрап, дидарласты.
Үміткер алда сайлау өтетінін, оған «Nur Otan» партиясы өз сайлауалды бағдарламасын ұсынып қатысып жатқанын айтты. Бағдарламадағы басым бағыттарды сөз етті. Бақыт Жайсаңбаев партияның жаңа жобалары туралы сұрады.
Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына жаңа тұрғын үй құрылысын қолжетімді болуын қолдайды. Партия алдағы жылдары Тереңөзек кентінде18 пәтерлі 4 тұрғын үй құрылысын салуды жоспарлап отыр. Әсіресе Айдарлы, Аманкелді, Бесарық, А.Тоқмағанбетов, Қалжан ахун, Қоғалыкөл, Н.Ілиясов, Шаған, Шіркейлі, С.Сейфуллин елді мекендерінде үш бөлмелі 3 тұрғын үй, Жетікөл елді мекенінде үш бөлмелі 2 тұрғын үй салынады. Жастарға және азаматтардың әлеуметтік осал топтарына, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту есебінен қолжетімді тұрғын үй құрылысын салу да көзделген.
- Тереңөзек кентіндегі 12 көп қабатты тұрғын үйлерге тұрғындардың келісімімен тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы күрделі жөңдеу жүргізіледі. Тереңөзек кентінде тұрмыстық қатты қалдықтардың жинау және өңдеу полигонын салуға, барлық 14 елді мекенде 100 сұрыптап қоқыс жинау контейнерлерін орнатуға ықпал етеді. Ал 2021 жылдан бастап мүгедектігі бар адамдарға онлайн режимде көмекші, орнын толтырушы құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталы енгізілмек. Әр ауылдық округте мүгедектерге материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қолдау көрсетуге ықпал етеді, - деді үміткер Расул Әбутәліпұлы.
Сұрақтарға тұшымды жауап берген үміткер үгіт парақшаларын таратып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.
"Nur Otan" партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді