Желтоқсанның 24 күні Панфилов аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Елтай Қожақов Қоңырөлең ауылына барып, ауыл тұрғындарымен жүздесті. Әрбір тұрғынмен жеке тілдесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап қайтты.
Ауыл тұрғындарына партия бағдарламасын кеңінен насихаттап, алдағы саяси науқанға белсенді атсалысуға шақырды. «Nur Otan» партиясы экономиканы дамытудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру, біздің ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күш-жігерін салатындығын партия кандидаты түсінікті тілмен түсіндіріп берді. Партия кез келген тұрғынның ұсыныстарына қолдау білдіретіндігін де ерекше атап өтті.
Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Панфилов аудандық (Жаркент қаласы) Сайлау қорының қаражатынан төленді