$ 444.32  473.33  4.76

Жаскент бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

Жүздесуде өңірдегі, ауылдағы орын алып жатқан әлеуметтік және т.б. мәселелер көтерілді.

Желтоқсанның 25 күні Панфилов аудандық партиялық бақылау комиссия төрағасының орынбасары Досмаилов Қанат пен штаб жетекшісінің орынбасары Құрманжан Аубекұлы және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Раушан Баякеева, Ұлан Сарпеков Жаскент бастауыш партия ұйымының мүшелерімен жүздесті.

Кездесу барысында бастауыш партия ұйымымен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының барысы пысықталып, өзекті сұрақтарға жауап берді. Ауданда енгізілген эпидемиялық ахуалға байланысты өткізілетін барлық іс-шаралар кезінде, сондай-ақ партия еріктілерінің санитарлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау ескертілді.

Жүздесуде өңірдегі, ауылдағы орын алып жатқан әлеуметтік және т.б. мәселелер көтерілді. Партия мүшелері білім және денсаулық сақтау салаларында жүргізіліп жатқан жобаларға тоқталып, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Ескерту! Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Алматы облысы Панфилов аудандық (Жаркент қаласы) Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сайлау