$ 494.87  520.65  4.91

20 жобаға жеңілдетілген несиелер ұсынылады

Партия жыл сайын «Бизнестің жол картасы- 2025» бағдарламасымен 30 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға қолдау білдіріп, кәсіп бастаушы жандарға грант ұсынады.

Ел экономикасының бойына қан жүгіртетін кәсіпкерлік саласын қарқынды дамыту мақсатында «Nur Otan» партиясы кешенді шараларды қолға алмақ.  

Нақтырақ айтсақ, партия жыл сайын «Бизнестің жол картасы- 2025» бағдарламасымен 30 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға қолдау білдіріп, кәсіп бастаушы жандарға грант ұсынады. Әрі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес Кеңесші» курсымен жыл сайын 450-ден аса азаматқа  кәсіпкерлік негіздерін оқытуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде кем дегенде 20 жобаға жеңілдетілген несиелер ұсынуды жолға қоймақ. Сол арқылы алдағы бес жылда шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 27,7 мыңға, шағын орта бизнесте жұмыспен қамтылғандарды  55 мың адамға жеткізуге  мүмкіндік жасалады.

Бұл туралы экспромт кездесу аясында кәсіпкерлік нысындарын аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген қызылордалық депутаттыққа үміктерлер  мәлім етті.  

Сайлаушылар алдында сөз алған үміткерлер өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту жайы, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар туралы әңгіме өрбітіп, кәсіпкерлердің бүгінгі тыныс-тіршілігіне қанықты.  Жергілікті кәсіп иелеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын құлағдар етіп, болашаққа арналған жоспарымен бөлісе келе, үгіт парақтарын таратты. Кәсіпкерлер кездесу аясында кандидаттармен  еркін пікір алмасып, саланы дамытуға қатысты мәселелердің түйінін тарқатты.

"Қала орталығында және «Сәулет» шағын ауданында 4 сауда үйін құру жоспарға қойылып отыр. Сондай-ақ, «Бабас», «Гүлдана» және «Асбол» базарларын қайта жабдықтау арқылы жаңарту жұмыстары қолға алынады. Және ет өнімдерін өңдеу және консервілеу өндірісін кеңейту жұмыстары іске асырылады", – деді үміткер Наурызбай Байқадамов.

Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген үміткерлер азаматтарды межелі күні сайлаудан қалыс қалмай, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды. Өз кезегінде кәсіп иелері партияның бастамаларын қолдайтындарын жеткізді.

«Nur Otan»  партиясы Қызылорда облысының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары