Жаңалықтар 29.12.2020 сағат 20:43

Астанада жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады

Жол апаты салдарынан автобус жарық тірегіне соқтығысты.
Астанада жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады
фото: tengrinews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Астанада автобус пен Volkswagen Polo соқтығысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында сағат 11.38-де 47 жастағы әйел Volkswagen Polo автокөлігін басқарып, Тәуелсіздік даңғылының бойымен жүріп келе жатып, маршруттық автобуспен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан автобус жарық тірегіне соқтығысты.

Ауруханаға маршруттық автобустың бес жолаушысы мен Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі жеткізіліп, дәрігер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді. Осы дерек бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар