$ 447.4  477.55  4.76

ДСМ-нің тағы екі лауазымды қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Әлгі екеу тергеу барысы мен оның нәтижелері туралы негізсіз ақпарат жинап, оны таратқан.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 Денсаулық сақтау министрлігінің тағы екі лауазымды қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оларға министрліктің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеу барысына кедергі келтірді деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ол қызметкерлердің кім екені айтылмайды. Белгілісі, екеуі де лауазымды тұлға. Әйтсе де тағылып отырған айыбы қызық. Қаржы министрлігіне қарасты Қаржы мониторингі комитеті таратқан ақпарат бойынша, әлгі екеу қылмыстық іске қатысы болмаса да, өздері араласқан. Яғни тергеу барысы мен оның нәтижелері туралы негізсіз ақпарат жинап, оны таратқан. 

Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қарашаның басында үйқамаққа алынған. Оның алдында вице-министр Олжас Әбішев те тергеуге алынған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары