$ 442.05  474.14  4.74

Әнші Еркеш Шәкеевтің ұлы әлі табылған жоқ

Танымал әнші Еркеш Шәкеевтің ұлы Сафар Шәкеев 16 шілде күні таңертең жоғалып кеткен болатын. Оны соңғы рет достары көрген. Түнімен отырыста болған олар таңертең үйлеріне бірге тарқасыпты. Бүгінде ерікті азаматтарды санамағанда Сафарды 110 полиция қызметкері іздестіріп жатыр.

"Сафар Шәкеевті іздеу шараларына 110 полицей қатысуда. Сондай-ақ, 60-қа жуық ерікті азамат та оны іздеуде", - дейді Алматы қалалық ІІД өкілдері. Олардың айтуынша, бозбаланы іздеуге кірісті деген тікұшақ ішкі істер органдарына тиесілі емес. Техниканы әншінің туыстары жалдаған болуы мүмкін дейді полицейлер.

Шәкеевтер отбасы көріпкелдердің де қызметін пайдаланып көріпті. Барлығы да Сафардың тірі екенін айтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары