$ 494.87  520.65  4.91

Хромтауда қаза тапқан кеншілердің аты-жөні жарияланды

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 4-бөлігі "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген еңбектi қорғау қағидаларын бұзу әрекеті" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Полиция қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметке сәйкес, жарылыс жұмыстары кезінде кеншілер иіс тиіп қайтыс болды.

Ақтөбе облыстық әкімдігі қаза болған кеншілердің аты-жөнін жариялады. Олар:

  •  тау-кен шебері Асхат Мадридұлы Қайқанов;
  •  жарушы Денис Викторович Черный, 1985 жылы туған;
  •  Рустам Бекарысұлы Шәметов, 1981 жылы туған;
  • жүргізуші Жақыпов Б., 1983 жылы туған.

Әкімдіктегілер төтенше жағдайдың қалай болғанын айтты. Қазіргі мәліметке сәйкес, шамамен, кешкі сағат 20:00-де "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС жұмысшылары шахтада 1,5 шақырым тереңдікте жарылыс жұмыстарын атқарған. Әрбір жарылыс белгілі бір уақытта жасалады. Олар кезекті жарылыстан кейін байланысқа шықпай қойды. Осыдан кейін апаттық-құтқару тобы жіберілді. Мамандар оқиға орнында төрт жұмысшының өлі денесін тапты. 

"Алдын ала мәліметке сәйкес, кеншілер иіс тиіп қайтыс болған. Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы мен аудандық прокуратура қызметкерлері барды", - дейді әкімдік қызметкерлері. 

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 156-бабы, 4-бөлігі "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген еңбектi қорғау қағидаларын бұзу әрекеті" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған сәйкес, кінәлі адамдар белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айта кетейік, төтенше жағдай Ақтөбе облысының Хромтау ауданында болған. Шахта "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС-ға тиесілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары