$ 494.87  520.65  4.91

Павлодар: көшеде кетіп бара жатқан қызға шабуыл жасалды (ВИДЕО)

Жедел іс-шаралар нәтижесінде аталған фактіні жасаған күдікті ұсталды.

Павлодарда көшеде кетіп бара жатқан қызға ашықтан ашық шабуылдаған ер адамның оқыс әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

30 желтоқсанда бейнебақылау камераларынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланып, жәбірленуші қыздың өзі жазба жариялаған. Ол өзінің құқығы бұзылғанын жеткізген.

Бұл факт бойынша жәбірленуші полицияға арызданған жоқ. Сонымен бірге, бейнежазбаға сәйкес, Павлодар қалалық ІІБ Орталық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде аталған фактіні жасаған күдікті ұсталды. Бұл Павлодар қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам Павлодар қалалық ПД-ның уақытша ұстау изольяторына қамалды.

Қазіргі уақытта жәбірленушіні анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып, осы фактіге қатысты істің мән-жайлары нақтылануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары