Шымкенттің 10 жасар тұрғыны Тұрсынбек Ұлықбек жоғалып кетті деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Полицияға арызданып келген анасының айтуынша, соңғы рет жеткіншек қаладағы "Бекжан" базарында дәретханаға кетіп, қайта оралмаған.
Соңғы рет Ұлықбекті 18 шілде күні күндізгі сағат үштер шамасында өзінің анасы көрген. Дәретханаға барып келемін деп сұранып кеткен бала содан із-түссіз кетіпті. Алдымен базар аумағын өзі іздеп көрген әйел мұнысынан түк шықпаған соң дереу полицияға арыз жазған екен. Алайда, тәртіп сақшылары да 1 тәуліктен бері оқушы баланы таба алар емес.
10-жастағы Тұрсынбек Ұлықбектің белгілері: бойы шамамен 120 см, дене бітімі орта, шашы қысқа қара түсті. Үстіне көк түсті майка, сұр түсті шорты, аяғына қоңыр түсті аяқкиім киген.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары із-түссіз кеткен баланы анықтауға бағытталған барлық іс-шараларды атқаруда.
Оңтүстікқазақстандық полицейлер облыс тұрғындарынан Тұрсынбек Ұлықбекті көрген-білгендер болса 8771 883 30 13 нөміріне немесе «102» сымтетітігіне хабарласуын сұрайды.