$ 447.4  477.55  4.76

Әйгерім Оспанбекованы өлтірді деген күдікті кінәсін мойындар емес

Шымкентте 17 жастағы студент Әйгерім Оспанбекованы өлтірді деп күдікке ілінген Әлішер Арғымбаевтың ісі бойынша сот процесі басталды. Айыпталушының өзі кінәсін мойындамады деп жазады otyrar.kz.

Сот залына айыпталушының да, қайтыс болған қыздың да туыстары келді. Айыпталушының анасы өз ұлын қорғауға тырысып бағуда.

Айта кетейік, 17 жастағы студент Әйгерім Оспанбекова мамыр айының орта тұсында жоғалып кеткен болатын. Туған ауылы Жаңатұрмыстан шыққан ол Шымкентке жолай кезікке таксимен бармақшы болған. Біраз уақыттан соң оның құрбылары Әйгерімнен смс-хабарлама алады. Қыз такси жүргізушісінен қорқып келе жатқанын айтқан. Сосын онымен байланыс өшіп қалған.

Құрбылары оны кешке дейін күтіп, ақыры ата-анасына хабарласқан. Оны іздеуге полиция да жұмылдырылды. Ал келесі күні іздеуге еріктілер қосылды. Өкінішке қарай, қыздың денесі екі аптадан соң Шымкенттен 20 шақырым қашықтықтан табылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары