$ 498.55  524.28  4.75

Алматыда лаңкестік құрбандары болған полицейлермен қоштасып жатыр

Алматыда лаңкестік оқиға салдарынан қаза тапқан полицейлермен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына жиналған жұрттың қарасы көп. Олар Аян Ғалиев пен Ғани Нұримановты ақтық сапарға шығарып салуда.

Алматы қалалық ІІД қызметкері, кіші сержант Мақсат Сәлімбаевты жерлеу рәсімі де бүгін өтеді. Оның денесі өзінің туған ауылы Қаракесекте жер қойнына тапсырылмақ. Ал, полиция капитаны, жол-патрульдік полиция қызметінің аға инспекторы 28 жастағы Бауыржан Нұрмағанбетов Жамбыл облысы Қордай ауылында жерленеді. Терактіден қаза тапқан ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 23 жастағы қызметкері Азамат Әзімжановтың жаназасы бүгін Алматы облысы Панфилов ауданында шығарылады.

Естеріңізге салайық, 18 шілде күні Алматыдағы Никольск базарының маңында орналасқан полиция бөлімшесіне суық қаруланған ер азамат шабуыл жасап, бірнеше адамды атып тастаған болатын. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының үш қызметкері мен, екі бейбіт тұрғын көз жұмған. Кейін ауруханада ауыр жараланған тағы бір полицей қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары