Жаңалықтар 02.01.2021 сағат 07:15

Елімізде алдағы күндері 3 облыста 40 градус аяз болады

2-3 қаңтарда түнде Ақмола облысында минус 32-37, кей жерлерде 42 градус қатты аяз болады.
Елімізде алдағы күндері 3 облыста 40 градус аяз болады
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еліміздің алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

2 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Оралда ертең түнде және таңертең тұман күтіледі.

2-4 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шымкентте 2-4 қаңтарда кей уақытта тұман түсуі мүмкін.

Түркістан қаласында 2-4 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады.

2 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. 2-3 қаңтарда түнде Ақмола облысында минус 32-37, кей жерлерде 42 градус қатты аяз болады.

Сонымен қатар, 2-3 қаңтарда Павлодар облысында да 35-40 градус аяз болып, кей жерлерде 43 градусқа жетуі мүмкін.
Қарағанды облысында да 32-37, кей жерлерінде 42 градусқа дейін аяз күтіледі.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар