Golden Boy промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде мексикалық Хайме Мунгиямен жұдырықтасуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz
«GGG командасымен бокстағы ең мықты айқас - Головкин — Мунгия жекпе-жегін 2021 жылы өткізу бойынша келіссөз жүргізіп жатырмын. Екі боксшы да бұл жекпе-жекке шыққысы келеді», — деді Де ла Хойя.
Оның айтуынша, ұйым жекпе-жекті мамыр айында Мексиканың «Синко де майо» ұлттық мерекесіне орай өткізуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде поляк боксшысы Камил Шереметаны жеңген болатын.