02.01.2021, 07:50

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Жекпе-жекті мамыр айында Мексиканың «Синко де майо» ұлттық мерекесіне орай өткізуді жоспарлап отыр.

Golden Boy промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегінде мексикалық Хайме Мунгиямен жұдырықтасуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz

«GGG командасымен бокстағы ең мықты айқас - Головкин — Мунгия жекпе-жегін 2021 жылы өткізу бойынша келіссөз жүргізіп жатырмын. Екі боксшы да бұл жекпе-жекке шыққысы келеді», — деді Де ла Хойя.

Оның айтуынша, ұйым жекпе-жекті мамыр айында Мексиканың «Синко де майо» ұлттық мерекесіне орай өткізуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде поляк боксшысы Камил Шереметаны жеңген болатын.