02.01.2021, 10:30

WhatsApp мессенджері бір күнде қоңырау бойынша рекорд орнатты

Фото: ашық дереккөзі
Былтырғы күнмен салыстырғанда қоңыраулар саны 50% -дан астамға өскен.

WhatsApp мессенджерінің әлем бойынша қолданушылары Жаңа жыл қарсаңында 1,4 миллиардтан астам дауыстық және бейне қоңыраулар жасап, бір күнде ең көп қоңырау шалу бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы жұма күні мессенджерге иелік ететін Facebook жариялаған баспасөз хабарламасында айтылады, деп жазады Baq.kz.

Жаңа жыл қарсаңында әлемде 1,4 миллиардтан астам дауыстық және бейне қоңыраулар жасалды, бұл WhatsApp-тағы бір күндегі ең жоғары көрсеткіш. Былтырғы күнмен салыстырғанда қоңыраулар саны 50% -дан астамға өсті, - делінген хабарламада. 

ТАСС-тың хабарлауынша, компания сондай-ақ Жаңа жыл қарсаңында Facebook және Instagram желілері арқылы 55 миллионнан астам тікелей трансляция жасалған.

Тегтер: Whatsapp