$ 447.4  477.55  4.76

«Nur Otan» партиясы «Ақсу» аудандық мәслихат депуттатығына үміткерлер тұрғындармен кездесті

Мәслихат депуттатығына үміткер Б.Сүлейменов, К.Даулетбекова Ақсу аудандық партия филиалының Сайлауалды бағдарлама бойынша тоқталып, ақпараттарын айтып түсіндіріп өтті.

«Ақсу» БПҰ мүшелерімен аудандық мәслихат депуттатығына үміткер Б.Сүлейменов, К.Даулетбекова Ақсу аудандық партия филиалының Сайлауалды бағдарлама бойынша тоқталып, ақпараттарын айтып түсіндіріп өтті.

Кандидаттар сөз арасында Партия барлығы үшін ашық! Біз Сіздердің сындарлы ұсыныстарыңызды қолдауға дайынбыз және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміттенеміз. Біз сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз! Деп халықтың өмір сүру сапасы мен әл - ауқатын үнемі жақсартып, жағдай жасау үшін партияның «Nur Otan» партиясы ауданды дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындайтынын жеткізді.

Олар – экономикалық тұрақты аудан, қолайлы аудан, әлеуметтік-бағдарланған аудан, жастарға арналған аудан, тарихы мен мәдениеті бай өңір, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз аудан.

Бұл шаралар нәтижесінде  3451 жұмыс орны құрылатыны,азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауылшаруашылық  саласына  барынша қолдау көрсетуге мүмкіндік беретіні, 2025 жылға қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 3627 бірлікке дейін жұмыспен қамтылғандар санын 6 мың адамға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретіні, орталықтандырылған сумен 9971 адам қамтылатыны, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 72,8%-тен 86,5% - ға дейін арттыруға мүмкіндік береді, 41мың тұрғындарды қамтитыны, Жансүгіров ауылының 6000 - нан астам  адам орталықтандырылған жылумен қамтылатыны тағы басқа қол жеткізетін мүмкіндіктер туралы түсіндірді.

Жиын соңында қатысушыларды 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырды.

Ескерту! «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары