$ 448.89  477.93  4.76

Ақсу ауданы: мәслихат депуттатығына үміткерлер қандастармен кездесу өткізді

Кездесуге қатысушылар кандидаттарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Ақсу аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша "Б.Сырттанов" БПҰ мүшелерімен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Берік Тынышбаев, аудандық мәслихат депуттатығына үміткерлер К.Даулетбекова, С.Ермұханбетова, А.Каймұханов қандастармен кездесу өткізді .

Кездесу барысында үміткерлер партияның жетістіктерімен, қоғамдық қызметтерімен және сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат материалдарын таратты. Партиялық бағдарламада халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізіп, осы бағыттар бойынша көптеген жобалар жасалып, жүзеге асуына «NurOtan» партиясы барынша ықпал ететінін жеткізді.

Білім беру мен медицина саласында атқарылатын басты жұмыстарын атап көрсетілді. Кездесуге қатысушылар кандидаттарға сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.  Жалпы көптеген мәселелердің шешу шарасы Ақсу аудандық «NurOtan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылғанын айтып өтті.

Жиын соңында қатысушыларды 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырды.

Ескерту! «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары